87085036573   

    Психикалық-сөйлеу тілі дамуының кешігуі (ПСДК)

    Бұл не?

    Психикалық-сөйлеу тілі дамуының кешігуі (ПСДК) дегеніміз – баланың сөйлеу қабілетінің кешеуілдеуі байқалатын және когнитивтік, эмоциялық және моторлық функциялары дамуы бұзылатын жағдай. Бұл баланың мінез-құлқына, оқуына және әлеуметтенуіне әсер етеді.

    ПСДК себептері

    ПСДК келесі себептерден туындауы мүмкін:

    • перинаталдық кезеңдегі ОЖЖ зақымдануы (гипоксия, босану кезіндегі жарақаттар),
    • генетикалық ауытқулар,
    • инфекциялық аурулардан кейінгі асқынулар,
    • эпилепсиялық белсенділік,
    • әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлығы (қарым-қатынастың жетіспеуі,
    • сөйлесетін ортасының шектеулі болуы немесе сүйемелдеусіз билингвизм).

    ПСДК белгілері

    • Тілінің кеш шығуы (18 айдан кейін)
    • Сөздік қорының аз болуы
    • Сөйлем құрауда қиналуы
    • Дыбыстарды бұрмалап айтуы
    • Сөзді түсіну деңгейі төмен
    • Гиперактив және импульсивті
    • Эмоциялық тұрақсыздық
    • Ұсақ моторикасының бұзылуы

     

    Диагностика

    Кешенді тексеруді мультипәндік топ жүргізеді:

    • балалар невропатологі
    • реабилитолог
    • психиатр
    • логопед, дефектолог
    • психолог, сурдолог
    • эндокринолог
    • физиотерапевт

    Қажет болған жағдайда қосымша зерттеу әдістерін қолданады: миды ЭЭГ, МРТ-ға түсіру (көрсетілім бойынша).

    Қалпына келтіру әдістері

    • неврологиялық бақылау және дәрілік қолдау (қажет болса)
    • логопедиялық түзету
    • дефектолог сабақтары
    • нейропсихологиялық терапия (сенсорлық бөлме, психологпен жұмыс)
    • ата-аналарды оқыту
    • ойын және музыка терапия
    • логоритмика
    • емдік дене шынықтыру (АДШ элементтерімен)
    • массаж
    • эрготерапия
    • физиотерапия
    • инемен емдеу (рефлексотерапия)

    Баламен қандай мамандар жұмыс істейді?

    • логопед, дефектолог
    • невропатолог
    • психолог, нейропсихолог
    • ЕДШ нұсқаушысы
    • реабилитолог
    • эрготерапевт
    • физиотерапевт
    • БКБ және ТМС маманы
    • ата-аналар – команданың маңызды бөлігі

    Неліктен бізді таңдайды?

    • ПСДК-ны оңалтуда 17 жылдан астам тәжірибе
    • Ерте жастан бастап жеке оңалту маршруттары
    • Білікті, тәжірибелі мамандар тобы
    • Нейрооңалтудың заманауи әдістері:
    • биологиялық кері байланыс (БКБ) – логопедиялық және психологиялық-эмоциялық тренинг
    • транскраниалдық магниттік стимуляция (ТМС)
    • Дәлелді әдістеме және мейірімді орта.

    Мекенжай: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 36

    Жазылу үшін байланыс нөмері: +7 (708) 503-65-73

    WhatsApp: +7 (700) 753-03-09

     

    Бүгіннен бастап баланың сөйлеуіне, дамуына жол ашыңыз!

    Түзету жұмыстары неғұрлым ерте басталса, баланың тілі соғұрлым ерте шығады, білім алу және қоғамда бейімделу мүмкіндігі артады.

     

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию