
Директорлар кеңесінің мүшесі, Денсаулық сақтау вице-министрі
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі:
- 1990 жыл – Алматы мемлекеттік медицина институты
- 2007 жыл - Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесі туралы ережеде сипатталған.
Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні, Директорлар кеңесінің қазіргі құрамы: 24.07.2026 жылғы № 375 бұйрық.
Қазіргі уақытта атқаратын қызметі:
2026 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Жұмыс өтілі: 36 жыл
Еңбек жолын 1990 жылы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында дәрігер-интерн болып бастаған.
1991–2000 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
2000–2001 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында «Хирургия» мамандығы бойынша күндізгі докторантурада білім алған.
2001–2006 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында шұғыл хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, сондай-ақ бас ғылыми қызметкер қызметтерін атқарған.
2006–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-профилактикалық жұмыс департаментінің хирургиялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы болған.
2007–2008 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы директорының ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары, кейін ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2008–2013 жылдары Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.
2013–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болған.
2014–2018 жылдары Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған.
2018–2026 жылдары Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болған.



