87085036573   

    Мейіргер ісі жөніндегі директор

    Орындайтын функциялары:

    1. Мына қызметкерлердің жұмысын тікелей үйлестіреді, бақылайды және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді:
    2. орта және кіші медициналық персоналдың жұмысын.
    3. Мына мәселелерге жетекшілік етеді және шешілуін қамтамасыз етеді:

    1) орта және кіші медициналық персоналдың еңбегін рационалды ұйымдастыру;

    2) орта және кіші медициналық персоналдың жұмысында мейіргерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру және халықаралық сапа, қауіпсіздік және пациентке бағдарланған стандарттарды енгізу;

    3) орта және кіші медициналық персоналдың қызмет көрсету сапасы мен көлемін, сондай-ақ Қоғамдағы пациенттердің қауіпсіздігін бақылау және арттыру;

    4) орта және кіші медициналық персоналды уақтылы оқыту (кәсіби біліктілігін арттыру, қайта даярлау, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру, тағылымдамадан өткізу және сертификаттау циклдері және т.б.);

    5) практикалық зерттеулер нәтижелерін, шетелдік және отандық клиникалардың тәжірибесін Қоғамда іздеу және енгізу, халықаралық және отандық конференциялар, конгрестер, форумдарға қатысу;

    6) басқа емдеу-профилактикалық және медициналық, медицинаға бағытталған ұйымдар (мекемелер) мамандарының (сарапшылары) консультация беру, дәріс оқу қызметін ұйымдастыру;

    7) мейіргерлік тәжірибені дамыту үшін отандық және шетелдік оқу орындары мен медициналық ұйымдармен ынтымақтастық және өзара әрекеттесу;

    8) орта және кіші медициналық персоналдың, пациенттердің және олардың күтушілерінің Қоғам ғимараттары мен үй-жайларында қауіпсіздік ережелері мен қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша Азаматтық қорғаныс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасау;

    9) жетекшілік ететін мәселелер мен бағыттар бойынша Қоғамның ішкі және нормативтік құжаттарын әзірлеу;

    10) жетекшілік ететін мәселелер мен бағыттар бойынша Қызылорда филиалының қызметі;

    11) қоластындағы қызметкерлердің материалдық құралдарды және шығын материалдарын ұқыпты және үнемді пайдалануын қамтамасыз ету.

    Қоса атқаратын лауазымы: жоқ

    Мамандануы:

    Мейіргер ісі

    Білімі:

    Омбы қаласындағы № 4 Омбы медицина училищесі – 1986 жыл

    Академиялық бакалавр

    Жоғары санатты

    Жұмыс тәжірибесі:

    Жұмыс өтілі: 38 жыл

    1) «ҰБОО» КеАҚ Аға мейіргер (02.09.2017-20.07.2023)

    Марапаттары:

    1. 2021 жыл – ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы;
    2. 2024 жыл – ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы;
    3. 2013 жыл - «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;
    4. 2020 жыл -«Ерен еңбегі үшін» медалі.

    Жетістіктері:

    1. Көшпелі мамандану - Каунас, Литва 2012 жыл «Мейіргер ісіндегі жаңа парадигма: дәлелден әрекетке»
    2. Көшпелі мамандану - Ювяскюля, Финляндия 2016 жыл – Мастер-класс «Мейіргер ісі бойынша мамандарға арналған клиникалық нұсқаулықтар әдістемесін әзірлеу»

    Мақалалары:

    1. КАZAKH JOURNALOF PHYSICAL MEDICINE & REHABILITATION

    Құрылтайшылары: «Реабилитологторлар мен курортологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ISSN: 2708-416 2019 Аутистік спектрінде бұзылысы бар балаларды оңалту: мультипәндік топ жұмысындағы проблемалар мен триггер факторларға жан-жақты баға беру.

    1. «Орталық Азия медициналық оңалту хабаршысы» журналы - Spina bifida-сы бар пациенттерді диагностикалау, емдеу және оңалтудағы мейіргерлік процесс. 2025 жыл ӘОЖ 614.253.52:616.711.7-036.86-07-08-052
    2. «Орталық Азия медициналық оңалту хабаршысы» журналы - «Есту қабілеті бұзылған пациенттер күтімі: жаңа тәсілдер мен қиындықтар» 2025 жыл ӘОЖ 614.253.52:616.28-008.1-052

     

     

     

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию