Жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі оңалту
Деген не?
Жарақат алғаннан кейінгі және хирургиялық араласудан кейінгі оңалту - бұл баланың белсенді, өздігімен өмір сүру дағдыларын қайтаруға бағытталған қалпына келтіру іс-шаралары жүйесі. Біз жоғалған функцияларын қалпына келтіруге, ауырсынуды азайтуға, қимыл-қозғалысын жақсартуға және жаңа физикалық мүмкіндіктерге бейімделуге көмектесеміз.
Оңалту неғұрлым ерте басталса, толық немесе ішінара қалпына келтіру мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Біз Орталықта халықаралық хаттамаларға және мультипәндік топтың үйлесімді жұмысына негізделген кешенді тәсіл қолданамыз.
Қандай жарақаттар мен операциялардан кейін оңалту жүргізесіздер?
Біз мынадай пациенттермен жұмыс істейміз:
- Тірек-қимыл аппараты сынған және жарақаттанған
- Омыртқасына және буынына операция жасалған (эндопротездеу, спондилодез және т. б.)
- Бассүйек-ми жарақаты, жұлын жарақаты бар
- Дене белсенділігінің төмендеуімен қатар жүретін ішкі ағзадағы операциялардан кейінгі оңалту
Оңалтудың негізгі міндеттері - қозғалысты қалпына келтіру, ауырсынуды жеңілдету, асқынудың және қайталанатын жарақаттардың алдын алу.
Біз қалай диагностика жүргіземіз?
Курсты бастамас бұрын кешенді диагностика жүргізіледі:
- Қозғалыс функциясы мен қозғалыс көлемін бағалау
- Жүрісті, тепе-теңдікті және координацияны талдау
- Ауырсыну синдромын, ұйқы сапасын және жалпы жай-күйін бағалау
Қалпына келтіру әдістері
- Физикалық медицина және оңалту (ФМО):
- ФМО дәрігерінің немесе реабилитолог дәрігердің консультациясы;
- ЕДШ нұсқаушысымен жеке сабақтар
- Роботты тренажерлар, вертикализаторлар
- Аппараттық физиотерапия, массаж және акупунктура
- Кинезиотерапия:
- Қимыл-қозғалыс пен күшті қалпына келтіру
- Эрготерапия
- Күнделікті дағдыларды жаттықтыру (өзіне-өзі қызмет көрсету, жүру, баспалдақ арқылы көтерілу)
- Анальгезия және дәрілік қолдау
- Психологиялық және әлеуметтік көмек:
- Өзгерістерді қабылдауға көмектесу
- Мотивация және өз күшіне деген сенімділігін қайтару
- Ата-аналарға консультация және күтім бойынша оқыту
Оңалту кезеңдері
- бірінші кезең - аурудың аса жедел (72 сағатқа дейін) және жіті кезеңдерінде, сондай-ақ операция, жарақат алған кезіндегі хирургиялық араласу, жарақат алған кезіндегі медициналық оңалту: ауырсынуды басу, асқынудың алдын алу;
- екінші кезең - аурудың немесе жарақаттың алғашқы 6 айында жіті және ерте қалпына келтіру кезеңдерінде медициналық оңалту: жүктемелерді біртіндеп арттыру, қимыл-қозғалысты қалпына келтіру;
- үшінші кезең - жіті жағдайлардың салдарынан медициналық оңалту: функцияларды қалпына келтіру, әдеттегі өмірге және жұмысқа оралу.
Неліктен бізді таңдайды?
- Заманауи оңалту жабдықтары
- Жеке әдіс-тәсіл және прогресті үнемі бағалап отыру
- Дәрігерлердің, реабилитологтар мен пациенттің арасындағы өзара тығыз әрекеттестік
- Ауыр жарақаттар мен күрделі операциялардан кейін қалпына келтіру бойынша мол тәжірибе.
Мекенжай: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 36
Телефон: +7 (708) 503-65-73
WhatsApp: +7 (700) 753-03-09


