ЖУРНАЛ
Эргокреслоны эрготерапевт тәжірибесінде қолдану: мультифункционалдылық және мүмкіндіктер
Авторлар туралы
Ғиният А. – «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы, Астана, Қазақстан.
Алтынбекова А.Т. – «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ медициналық бөлім жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары, Астана, Қазақстан.
Балтабаева А.Т. – «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ Әлеуметтік-педагогикалық оңалту басқармасының басшысы, Астана, Қазақстан.
Есильбаева А.М. – «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ Инклюзивті білім беру, әлеуметтік бейімдеу және эрготерапия әдістемелік бөлімінің эрготерапеві, Астана, Қазақстан.
Түйіндеме
Инклюзивті білім берyдің және денсаулық сақтау мүмкіндіктері шектеулі балаларды кешенді оңaлтудың қазіргі жағдайында функционалдық тәуелсіздікті қалыптастырyға және қолдауға ықпал ететін көмекші техникалық құралдарды пaйдаланy ерекше маңызға ие. Осындaй құралдардың бірі-клиникалық және білім беру практикасында эрготерапевтер белсенді қолданатын "Эргокресло" орындығы. Орындық денеге жеке-жеке қолдау көрсетеді, физиологиялық тұрғыдан дұрыс отырудың қалыптасуына ықпал етеді, бұлшықет кернеуін төмендетеді және баланың күнделікті белсенділік деңгейін арттырады. "Эргокресло" орындығын қолдану эрготерапевттерге балаға бағытталған терапия міндеттерін жүзеге асыруға, оқу және ойын ортасын әр баланың жеке ерекшеліктеріне сай бейімдеуге, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын сақтауға және дамытуға мүмкіндік береді.
Менің зерттеулерім мен бақылауларыма сай, сабақ барысында "Эргокресло" орындығын қолдану ұсақ моториканың дамуына, зейіннің жақсаруына, отырудың тұрақтылығына және жұмыс барысында қол мен көз үйлесуінің оң әсерін көрсетуде. Осылайша, Эргокресло орындығын қолданудың өзектілігі оның мультифункционалдылығына, тиімділігіне және ерекше қажеттіліктері бар балаларды эрготерапевтік сүйемелдеудің заманауи талаптарына сәйкес келуіне байланысты.
Түйін сөздер
Эрготерапия, бейімделy техникасы, мүмкіндігі шектеулі балалар, эрго орындық, мультифукционалдылық, отыру позасы, функционалдық тәуелсіздік, инклюзивті білім беру, оңалту, эргономика, техникалық оңалту құралдары.
Әдебиет тізімі
- Михайлова О.В. Эрготерапия: основы клинической практики. — М.: ГЭОТАР-Медиа, 2021.
- Elsayed, A. M., Salem, E. E., Nour Eldin, S. M., Abbass, M. E., «Effect of using adaptive seating equipment on grasping and visual motor integration in children with hemiparetic cerebral palsy: a randomized controlled trial», Bulletin of Faculty of Physical Therapy, 2021; 26, 25, 1186/s43161-021-00046-8
- Воронцова И.А., Касаткин Л.Ю. Позиционирование при ДЦП: пособие для специалистов. СПб.: Речь.
- Официальный сайт производителя кресла Майгоу — www.mygochair.com
- Angsupaisal, S. «Adaptive seating systems in children with severe cerebral palsy across International Classification of Functioning, Disability and Health for Children and Youth version domains: a systematic review». Developmental Medicine & Child Neurology, 2015; 57(2), 111–118,
- Elsayed, A. M., Salem, E. E., Nour Eldin, S. M., Abbass, M. E., «Effect of using adaptive seating equipment on grasping and visual motor integration in children with hemiparetic cerebral palsy: a randomized controlled trial», Bulletin of Faculty of Physical Therapy, 2021; 26, 25, 1186/s43161-021-00046-8
- Ясвин В. А. Исследования образовательной среды в отечественной психологии: от методологических дискуссий к эмпи- 24 рическим результатам // Известия Саратовского университета. Новая серия. Серия: Философия. Психология. Педагогика. 2018; Т. 18. Вып. 1. 80-90.
- Elsayed, A. M., Salem, E. E., Nour Eldin, S. M., Abbass, M. E., «Effect of adaptive seating on cognitive function in children with cerebral palsy», Journal of Pediatric Rehabilitation Medicine, 2020; 13(1), 45–51, 3233/PRM-190650
- Киселевой Т. Г, Грошенковой В. А., Елифантьевой С. С. Особый ребенок: обучение, воспитание, развитие// Сборник научных статей международной научно-практической конференции Ярославль: 2021; РИО ЯГПУ, –153-154
- Golos A., Sarid M., Weill M. The impact of adaptive seating on children’s participation. Physical & Occupational Therapy in Pediatrics, 2020.


