ЖУРНАЛ
Dyke-Davidoff-Masson синдромы бар науқастың клиникалық жағдайы
Авторлар туралы
Аубакир А.М. – №5 «Балбұлақ» психоневрологиялық бөлімінің аға невролог дәрігері, КЕАҚ «Ұлттық балаларды оңалту орталығы», Астана, Қазақстан, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., ORCID: 0009-0007-9151-8823
Курманова Ж.М. – №4 «Ақжол» психоневрологиялық бөлімінің меңгерушісі, КЕАҚ «Ұлттық балаларды оңалту орталығы», Астана, Қазақстан, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., ORCID: 0009-0007-8367-2070
Түйіндеме
Dyke-Davidoff-Masson синдромы (DDMS) – бұл сирек патология, ол әдетте жатыр ішіндегі нәрестенің немесе жаңа туылу кезеңіндегі сәбидің дамып келе жатқан бас миының инсультіне байланысты пайда болатын мидың бір жарты шарының атрофиясы немесе гипоплазиясы (гемиатрофия) болып табылады. Әлемде бұл синдромның 10-ға жуық жағдайы сипатталған, бұл оны мидың сирек патологиясы ретінде санауға мүмкіндік береді. Біздің орталыққа 7-жасар қыз бала «Церебралды сал ауруы» диагнозымен оңалту курсына түсті, бірақ баладағы клиникалық көріністер пен нейровизуализациялық зерттеудің нәтижесі осы сирек синдромды анықтауға мүмкіндік берді. Біз бұл клиникалық жағдайды аталған синдромды талдау арқылы егжей-тегжейлі сипаттауды жөн көрдік.
Түйін сөздер
Дайк-Дэвидофф-Массон синдромы, церебралды сал ауруы, гемиатрофия, эпилепсия, DDMS синдромы
Әдебиет тізімі
- Dyke C.G., Davidoff L.M., Masson C.B. (1933). Cerebral hemiatrophy and homolateral hypertrophy of the skull and sinuses. Surg Gynecol Obstet. 57, 588–600.
- Sharma S., Goyal D., Negi A., Sood R.G., Jhobta A., Surya M. (2015). Dyke-Davidoff-Masson syndrome: imaging features with illustration of two cases. Quant Imaging Med Surg., 5(3), 469–471.
- Unal O., Tombul T., Cirak B., Anlar O., Incesu L., Kayan M. (2004). Left hemisphere and the syndrome of Dyke-Davidoff-Masson. Clin Imaging, 28(5), 333–335.
- Atalar M.H., Icagasioglu D., Tas F. (2013). Dyke–Davidoff–Masson syndrome: clinical and radiological characteristics of typical and atypical cases. Acta Neurol Belg., 113(2), 111–119.
- Gupta A., Varshney P., Mathur A. (2018). Dyke-Davidoff-Masson syndrome: A rare case with review of literature. Asian J Neurosurg. 13(4), 1155–1157.


