Кері байланыс

Құрметті пациенттер мен біздің сайт қонақтары!
Сіздердің пікірлеріңіз – біздің жұмысымыздың басты көрсеткіші әрі өз миссиямызды қаншалықты сапалы орындап жатқанымыздың айғағы. Біз Сіздерге жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, Орталыққа келіп-кеткеннен кейін қандай әсер алғандарыңызды білгіміз келеді.
Біз әр пікір иесін тыңдауға дайынбыз. Әсіресе, өз оқиғаларын, алған әсерін белсенді түрде жариялап жатқан жандарға ерекше алғыс білдіреміз. Біз үшін мұндай баға жетпес қолдаудың және кері байланыс орнатудың маңызы зор.
Ізгі ниетпен,
Ұлттық балаларды оңалту орталығы
Егер балаңыздың оңалту тарихы, нәтижесі туралы оқиғаңызды бөліскіңіз келсе, бейнематериал түсіріп, оны Instagram-да біздің аккаунтты белгілей отырып жариялауға болады. Біз оларды Instagram парақшамызда бөлісеміз, ең креативті бейнероликтерді сайттағы «Пациенттеріміздің оқиғасы» бөлімінде жариялаймыз.
Егер Сіз де Орталықтағы қызметтер жайлы пікір білдіргіңіз келсе, біз әрқашан риза боламыз.
Өз пікіріңізді біздің сайтымызда немесе 2ГИС сервисінде жаза аласыз. Біз үшін әр пікір маңызды, себебі олар медициналық көмекті одан әрі қолжетімді, кәсіби әрі жайлы етуге ықпал етеді.


