87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

Аутизм: нені білу керек?

Егер сізді күмәнды ойлар мазалап жүрсе немесе аутизм тақырыбымен енді ғана танысып жатсаңыз — сіз жалғыз емессіз. Бұл мақала баланың даму ерекшелігін қалай анықтауға болатынын және қайдан көмек іздеу керек екенін білгісі келетін ата-аналарға арналған.

Аутизм дегеніміз не?

Аутизм — бұл ауру емес, мидың даму ерекшелігі. Ол адамның айналадағы әлемді қабылдауына, қарым-қатынас жасауына, оқуына және басқа адамдармен өзара әрекеттесуіне әсер етеді.

Мамандар «аутистік спектрдің бұзылыстары» (АСБ) деген терминді қолданады, себебі белгілері әртүрлі — жеңіл түрінен бастап айқын формаларына дейін (интеллект деңгейі мен сөйлеу қабілетіне байланысты) болуы мүмкін.

Аутизмі бар әр бала — бірегей, олардың әрқайсысына жеке көзқарас қажет.

Белгілерін қалай тануға болады?

Әр бала өз қарқынымен дамиды. Дегенмен, ата-аналар әсіресе 6 айдан бастап назар аударуы тиіс бірқатар тән белгілер бар. Дәл осы кезеңде аутистік спектрдің бұзылыстарына (АСБ) тән ерекшеліктер байқала бастайды.

Ерте анықтау — баланы дер кезінде қолдау мен қоғамға сәтті бейімдеудің кілті.

  1. Көзбен байланыс орнатпауы

Туғаннан кейінгі алғашқы айларда балалар табиғи түрде көзбен байланыс орнатады — ата-анасының жүзіне қарайды, олардың көзқарасын іздейді, жауап ретінде күлімсірейді. АСБ белгілері бар балада бұл болмауы мүмкін:

  • бала көзге тура қарамайды;
  • ересектің көзқарасын «ұстауға» тырыспайды;
  • адамға емес, бос кеңістікке қарағандай болады.

Бұл қабылдаудың ерекшелігін көрсетеді. мимо

  1. Аты аталғанда жауап бермейді

Әдетте бала 8–12 айда өзінің аты аталғанда жауап бере бастайды. Егер ол:

  • бұрылып қарамаса;
  • тыныш жағдайда да үн қатпаса, бұл маманға жүгінуге себеп болуы мүмкін.

Маңызды: алдымен баланың есту қабілетінің қалыпты екеніне көз жеткізіңіз. Кейде мұндай мінез-құлық құлақ мүкістікке ұқсауы мүмкін, бірақ бұл есту мүшелеріне емес, мидағы ақпаратты өңдеу ерекшелігімен байланысты.

  1. Саусағымен көрсетпейді, қызығушылық танытпайды

Маңызды әлеуметтік-коммуникативтік дағдылардың бірі — саусақпен көрсету қимылы. Әдетте балалар 11 айынан бастап:

  • бірдеңе алғысы келсе, саусағымен нұсқайды;
  • құшағына алуды сұрап, қолын көтереді;
  • ересек адам нұсқаған бағытқа қарайды.
  1. Қайталанатын қимылдар мен мінез-құлық

Стереотипия деп аталатын құбылыс аутизмде жиі кездеседі. Бұл:

  • қолын бұлғаңдату («қалқу»);
  • айналу;
  • алға-артқа тербелу;
  • ойыншықтарды қатаң тәртіппен тізіп қою;
  • бірдей заттарға (мысалы, қақпақтар, жіптер), әсіресе қозғалыстағы заттарға - кір жуғыш машина немесе сабын көпіршіктері сияқты. шектен тыс қызығу.
  1. Басқа балалармен қарым-қатынас жасауда және ойнағанда қиындық туындайды

Аутизмі бар балалар көбіне:

  • құрдастарымен байланыс орнатуға ұмтылмайды;
  • жалғыз ойнағанды жөн көреді;
  • ойынды қалай бастау және жалғастыру керек екенін түсінбеуі мүмкін;
  • ересектердің немесе басқа балалардың іс-әрекетін қайталамайды.

Олар «өз әлемінде» жүргендей көрінеді, бірлескен әрекетке қатысуға талпынбайды.

  1. Кеш сөйлейді немесе мүлде сөйлемейді

Аутизмі бар балада мына белгілер болуы мүмкін:

  • мүлдем сөйлемейді;
  • жағдайға сәйкес келмейтін жекелеген сөздер;
  • эхолалия — басқа адамдардың сөзін, сөз тіркестерін мағынасыз қайталау (шаблонды сөздер).
  1. Өзгерістер қатты әсер етеді

Аутизмі бар балалардың көбі күтпеген жағдайларда күйзеліске түседі:

  • жаңа ойыншық, киім, бөлме немесе маршрут;
  • қатты дыбыстар, жарық немесе жанасу;
  • мазасыздану, жылау, жаңа жағдайға қатысудан бас тарту.

Бұл миының жеткілікті дәрежеде икемді болмауына байланысты баланың алдын ала білуге мұқтаждығы

Осындай белгілер байқалса не істеу керек?

Егер балада осыларға ұқсас белгілер байқалса, бұл әлі диагноз емес. Одан әрі бақылау үшін келесі әрекеттерді ұсынамыз:

  1. Өз бетінше онлайн M-CHAT тестін өту.
    Бұл тестті бала тәрбиесіне қатысатын кез келген адам өтуі тиіс.
  2. Тест нәтижесі жоғары немесе орташа қауіпті көрсеткен жағдайда, педиатрға немесе неврологқа жүгініңіз.
  3. Маманның тағайындауы бойынша тиісті тексерулерден өту қажет:
  • есту қабілетін тексеру;
  • ЭЭГ;
  • ADOS – аутизмді диагностикалаудың «алтын стандарты»;
  • ABLLS – психо-моторлық дамуды бағалау.

Ерте басталған жұмыс — баланың қарым-қатынас, оқу және өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту мүмкіндігін арттырады.

Қандай әдістер көмектеседі?

Біздің Орталық мамандарының жұмысы негізгі үш қағидаға негізделеді:

  • мультидисциплинардық топтың (МДТ) командалық жұмысы;
  • әр балаға жеке тәсіл;
  • дәлелді медицина әдістерін қолдану.

Ең тиімді әдістер:

  • ABA-терапия (қолданбалы мінез-құлық талдауы);
  • сенсорлық интеграция;
  • Jasper;
  • Floortime;
  • иппотерапия (атпен жүру имитациясы);
  • инерефлекстерапиясы;
  • гидрокинезотерапия;
  • баламалы коммуникация тәсілдері (PECS карточкалары);
  • транскраниалды магниттік стимуляция (TMS).

*Аталған әдістер әр баланың ерекшелігі мен даму деңгейін ескере отырып, жеке таңдалады.

Маңызды: нәтижеге жету үшін кешенді тәсіл мен тұрақты жұмыс қажет.

Ата-ана баланы қолдау үшін не істей алады?

  • Ата-аналарға арналған «Аутизмі бар бала қоршаған ортаны қалай қабылдайды?» атты тренингіге қатысу;
  • баланың диагнозын қабылдап, түзету процесін бастау;
  • бақылаушы ғана емес, МДТ-ның белсенді мүшесі болу. Үйлестіруші дәрігердің барлық ұсынымдарын орындау;
  • ABLLS халықаралық шкаласын пайдаланып, 3-6 ай сайын баланың психо-моторлық дамуын бағалап отыру.

Қайдан көмек алуға болады?

Егер балада аутизм болуы мүмкін деген күдігіңіз болса — жалғыз қалмаңыз. Дер кезінде көрсетілген көмек баланың болашағын өзгерте алады.

Біздің Орталыққа келіңіз!
Ұлттық балаларды оңалту орталығында
әлемдік тәжірибелерге сай (Франция, Түркия, Қытай) аутизмді ерте диагностикалау және тиімді түзету жұмыстары жүргізіледі.

Біздің Орталықта тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Олар арнайы дайындықтан өткен және даму ерекшелігі бар балалармен жұмыс тәжірибесі мол.

Толығырақ: «Аутизм кезіндегі оңалту» бөлімінен оқи аласыздар.

Сұрақ қою және жазылу үшін:

+7 708 503 65 73

WhatsApp: +7 700 753 03 09

Біз әрдайым көмектесуге дайынбыз!

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию