Ясылов Ермек Амангазынович
- Администратор
- Ақпарат
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
1986 - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық институты, фармацевтикалық факультеті
Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесі туралы ережеде сипатталған.
Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні, Директорлар кеңесінің қазіргі құрамы: 24.07.2026 жылғы № 375 бұйрық.
Қазіргі уақытта атқаратын қызметі:
- «Алқалы Кеңес» Корпоративтік қорының Президенті.
- «Еуразиялық медициналық қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары.
Жұмыс өтілі:
34 жыл
Еңбек жолын 1992 жылы Өскемен қаласының №1 ТМБ мед аға болып бастады.
1993 жылдың қыркүйегінен бастап 1995 жылғы ақпанға дейін – Шығыс Қазақстан «Фармация» өндірістік бірлестігінің дәріханалық қойма тауарларын қабылдау бөлімінің меңгерушісі;
1995 жылдың ақпанынан бастап 1995 жылғы желтоқсанға дейін - «Мейірім» ШЖК провизоры, Өскемен қаласы;
1995 жылдың желтоқсанынан бастап 1997 жылғы желтоқсанға дейін – «Абзал» ЖШС провизоры, Астана қаласы;
1998 жылдан бастап 1999 жылғы желтоқсанға дейін – «Алматы фармацевтикалық фабрика» АҚ филиалының директоры, Астана қаласы;
2000 жылдың сәуірінен бастап 2001 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ҰО Дәрілік саясат бөлімінің ғылыми қызметкері, Астана қаласы;
2001 жылдың наурызынан бастап 2005 жылғы қаңтарға дейін – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация, фармациевтикалық және медициналық өнеркәсіп комитетінің Фармациялық және медициналық өнеркәсіп бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
2005 жылдың қаңтарынан бастап 2008 жылғы шілдеге дейін – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ФКК Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бастығы, Астана қаласы;
2011 жылғы наурызына дейін – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардың пайдалануды бақылау басқармасының бастығы, Астана қаласы;
2011 жылының наурызынан бастап 2013 жылғы мамырға дейін – «Самұрық Қазына Фармация» ЖШС Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі (Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу мен қамтамасыз ету жөніндегі бірегей дистрибьютері), Астана қаласы;
2013 жылдың тамызынан бастап 2015 жылғы ақпанға дейін – «Фарм-Трейд-НТ» ЖШС директоры, Астана қаласы;
2015 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Алқалы Кеңес» Корпоративтік қорының Президенті және «Еуразиялық медициналық қауымдастығы» Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары.
Төсбелгілер, марапаттар
- 2005 жыл - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен;
- 2009 жыл – «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен;
- 2015 жыл – «Денсаулық сақтауға iсіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен;
- 2023 жыл – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған.
Оразалиева Забира Жандаровна
- Администратор
- Ақпарат
Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі:
- 1997 жыл – Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттікуниверситеті
- 2010 жыл - Астанадағы Қазақ экономика, қаржы университеті және халықаралық сауда
- 2021 жыл - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесі туралы ережеде сипатталған.
Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні, Директорлар кеңесінің қазіргі құрамы: 24.07.2026 жылғы № 375 бұйрық.
Қазіргі уақытта атқаратын қызметі:
«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
Жұмыс өтілі: 34 жыл
1992-1995 - Пролетар орта мектебі Маятас ауылы, ОҚО Бас пионержетекші
1995-1998 - Ұлттық банктің облыстық басқармасы Бас заңгер- кеңесші
1998-2000 - Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Заң департамент
2000-2002 - Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Заң департаментінің басқарма бастығы
2002-2005 - Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Заң департаментінің орынбасары
2005-2006 - Есеп комитеті Бақылау іс-шаралар департаменті директорының орынбасары
2006-2008 - Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі - заң қызметі департаментінің директоры
2008-2013 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің «Қаржы орталығы» АҚ президенті
11.2013-08.2014 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласын бақылау комитеті төрағасы
08.2014-04.2017 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы
06.2017-08.2019 - Қазақстан Республикасы Денсаулык сақтау министрлігінің «Әлеүметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚЕАҚ медициналық көмек тұтынушыларымен жұмыс және мемлекеттік органдармен қатынас бойынша басқарушы директор
2019-2020 - Дүниежүзілік банктың несиесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулык сақтау министрлігінің жобалық офисың құқықтық сұрақтар бойынша кеңесші.
2020-2024 - Қазақстан Республикасы Денсаулык сақтау министрлігінің «Әлеүметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚЕАҚ Заңды және жеке тұлғалармен жұмыс департаменті директоры
2024-2026 - Қазақстан Республикасы Денсаулык сақтау министрлігінің «Әлеүметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚЕАҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі.
Рамазанов Манас Ембергенович
- Администратор
- Ақпарат

Директорлар кеңесінің мүшесі, Денсаулық сақтау вице-министрі
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі:
- 1990 жыл – Алматы мемлекеттік медицина институты
- 2007 жыл - Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесі туралы ережеде сипатталған.
Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні, Директорлар кеңесінің қазіргі құрамы: 24.07.2026 жылғы № 375 бұйрық.
Қазіргі уақытта атқаратын қызметі:
2026 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Жұмыс өтілі: 36 жыл
Еңбек жолын 1990 жылы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында дәрігер-интерн болып бастаған.
1991–2000 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
2000–2001 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында «Хирургия» мамандығы бойынша күндізгі докторантурада білім алған.
2001–2006 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында шұғыл хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, сондай-ақ бас ғылыми қызметкер қызметтерін атқарған.
2006–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-профилактикалық жұмыс департаментінің хирургиялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы болған.
2007–2008 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы директорының ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары, кейін ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2008–2013 жылдары Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.
2013–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болған.
2014–2018 жылдары Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған.
2018–2026 жылдары Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болған.



