87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

Ұлттық балаларды оңалту орталығындағы медициналық туризм

Ұлттық балаларды оңалту орталығы (бұдан әрі – Орталық) психоневрологиялық аурулары бар 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға кешенді оңалту бағдарламаларын ұсынады.

Біз Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ шетелден келген пациенттерді қабылдаймыз, оларға жайлы ортада жоғары деңгейдегі оңалту көмегін көрсетеміз.

Орталық 2007 жылғы 10 қыркүйекте ашылған. 2022 жылғы желтоқсаннан бастап  Орталық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне тікелей бағынысты.

Біздің Орталық бірнеше рет жоспарлы кезеңдік аккредитациялардан өтіп, қазіргі заманғы ұлттық және халықаралық медициналық қызмет сапасы мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін растады:

  • Joint Commission International (JCI) халықаралық аккредитациясы
    Соңғы аккредитация: 24.02.2024 – 23.02.2027
  • Ұлттық аккредитацияның жоғарғы санаты
    Соңғы аккредитация: 08.09.2023 – 08.09.2026

Біздің артықшылығымыз

  • Сапа мен қауіпсіздіктің жоғары деңгейі – Орталық халықаралық JCI аккредитациясына ие, бұл оңалту көмегін көрсетудің барлық заманауи стандарттары мен хаттамаларына сәйкестігін дәлелдейді.
  • Үш бағыттағы мультипәндік оңалту: медициналық оңалту, психологиялық-педагогикалық түзету, әлеуметтік бейімдеу. Барлығы инновациялық әдістемелер мен заманауи жабдықтар арқылы жүзеге асады (Кесте 1).
Кесте 1. Негізгі қолданылатын оңалту әдістемелері мен жабдықтардың қысқаша сипаттамасы

 

Технология/қызмет атауы

Қысқаша сипаттама

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Медициналық оңалту

 

Динамикалық проприоцептивтік түзету әдісі – ДПТ

Неврологиялық және ортопедиялық бұзылыстары бар балалар мен ересектердің қозғалыс функцияларын қалпына келтіруге бағытталған заманауи оңалту технологиясы.

2

Биологиялық кері байланыс кабинеттері (БКБ)

Пациент өз ағзасының жұмысын (тыныс алу, жүрек соғысы, бұлшықет кернеуі, ми белсенділігі және т.б.) нақты уақыт режимінде визуалды немесе дыбыстық сигналдар арқылы бақылайды.

3

Транскраниалдық магнитті стимуляция (TMS)

Магнит импульстері арқылы мидың белгілі аймақтарын ынталандыратын инвазивті емес нейрооңалту әдісі, когнитивтік және қозғалыс

функцияларын қалпына келтіруге, спастиканы азайтуға және психологиялық-эмоциялық жай-күйді жақсартуға ықпал етеді.

4

Ботулин терапиясы (бұлшықет дистониясы мен спастиканы емдеу)

Ботулотоксин инъекциялары арқылы бұлшықет дистониясы мен спастиканы емдеу әдісі; бұлшықет тонусын төмендетіп, қозғалыс икемділігін арттырады және өмір сапасын жақсартады.

5

D-WALL ELITE тренажері (цифрлық оңалту жүйесі)

Интерактивті экран мен қозғалыс датчиктері бар цифрлық жүйе; пациенттің жаттығуларын нақты уақыт режимінде бағалауға және түзетуге мүмкіндік береді, үйлестіру, тепе-теңдік, күш және төзімділікті дамытады.

6

Роботталған кинезиотерапия «Локомат» аппараты

Роботталған экзоқаңқа арқылы пациенттің жүру дағдыларын жаттықтыратын инновациялық әдіс; физиологиялық қозғалыстар мен қозғалыс функцияларын біртіндеп қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

7

Hand Tutor – қол буыны (білезік) мен саусақ функцияларын қалпына келтіру

Сенсорлық қолғаптар мен компьютерлік бағдарламалар арқылы қол мен саусақ қозғалысын, координациясын және ұсақ моториканы қалпына келтіретін оңалту тренажері.

8

Экзоқаңқа тренажері

Роботталған жүйе; пациенттерге қайтадан жүру дағдыларын үйретуге, бұлшықетті нығайтуға және тепе-теңдікті жақсартуға арналған.

9

Cosmos h/p тренажері

Медициналық оңалту және спорттық дайындыққа арналған кәсіби жүйе; датчиктері бар жүгіру жолы пациенттің жүру және жүгіру функцияларын дәл бағалауға және қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

10

Armeo Spring тренажері (қолға арналған пассивті экзоқаңқа)

Пациенттің қолын қолдап, нейрологиялық бұзылыстар мен жарақаттан кейін қозғалыс, күш және тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектеседі.

11

Войта-терапия

Арнайы позициялар мен қысым нүктелері арқылы туғаннан келе жатқан қозғалыс рефлекстерінің белсенділігін арттыратын нейрооңалту әдісі, қозғалысты қалпына келтіруге, моториканы жақсартуға және дұрыс қозғалыс стереотиптерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

12

Бобат-терапия

Неврологиялық бұзылысы бар балалар мен ересектерде қалыпты қозғалыс пен позаны қалпына келтіруге бағытталған нейрооңалту әдісі, арнайы жаттығулар, ынталандыру және түзету арқылы.

13

Halliwick (гидрооңалту)

Судағы жаттығу бағдарламасы, тепе-теңдікті, үйлестіру және өздігінен қозғалысты дамытуға бағытталған, әсіресе мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін.

14

Гидрокинезотерапия (су + емдік дене шынықтыру)

Су мен емдік гимнастиканы біріктіретін оңалту әдісі, қозғалысты қалпына келтіру, бұлшықеттерді нығайту және тепе-теңдікті жақсартуға арналған.

15

Емдік дене шынықтыру (ЕДШ)

Дене жаттығуларының кешені; денсаулықты қалпына келтіру, асқынулардың алдын алу және ағза функцияларын жақсарту үшін арнайы таңдалады.

16

Кетогендік диета

Майға бай, ақуызы орташа, көмірсу барынша аз емдік тамақтану режимі; негізінен фармакорезистентті эпилепсия және кейбір метаболикалық және неврологиялық жағдайларда қолданылады.

17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Психологиялық-педагогикалық оңалту және әлеуметтік бейімдеу

Эрготерапия (қол функцияларын қалпына келтіру)

Қол функциясын қалпына келтіруге және өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамытуға бағытталған, пациенттің күнделікті тұрмыс-тіршілікте дербестігін арттырады.

18

Еңбек терапиясы

Арнайы таңдалған еңбек түрлері арқылы физикалық, психикалық және әлеуметтік функцияларды қалпына келтіру.

19

Логоритмика

Сөз, музыка және қозғалысты біріктіретін әдіс; балалар мен ересектерде сөйлеу, ырғақ, моторика және коммуникациялық дағдыларды дамытуға арналған.

20

Музыка терапия

Музыка мен музыкалық ырғақты пайдалану арқылы эмоциялық жай-күйін жақсарту, стресті азайту, когнитивтік және қозғалыс функцияларын ынталандыру.

21

Ойын терапиясы

Ойын арқылы эмоциялық сфера, коммуникативтік дағдылар және когнитивтік функциялар дамиды.

22

Монтессори-терапия

Арнайы ұйымдастырылған орта және практикалық жаттығулар арқылы баланың тәуелсіздігін, моторикасын және когнитивтік дағдыларын дамыту.

23

Дефектологпен сабақтар

Сөйлеу, когнитивтік және мінез-құлық бұзылыстарын түзету, коммуникация, оқыту және әлеуметтік бейімдеуді дамыту.

24

Логопедиялық түзету жұмыстары

Дұрыс сөйлеуді дамыту және қалпына келтіру,  артикуляцияны түзету, тыныс алу және коммуникациялық дағдыларды жақсарту.

25

Білім беру және түзету бағдарламалары

Әлеуметтік бейімдеу, білім беру және түзету бағдарламалары, сонымен қатар агротерапия, ағаш және тігін шеберханаларын қамтитын еңбек терапиясы бағыттары.

26

Агротерапия, ағаш және тігін шеберханалары

Бұл сабақтар өз-өзіне қызмет көрсету, қарым-қатынас жасау және еңбек ету дағдыларын дамытуға, тұлғалық дамуына және қоғамға оңай бейімделуге көмектеседі.

27

Ортездеу

Медициналық оңалтудың бұл әдісінде арнайы құралдар — ортездер (фиксаторлар, шиналар, корсеттер және басқа да құрылғылар) қолданылады. Олар тірек-қимыл аппаратының қызметін қолдау, түзету немесе қалпына келтіру, ауырсынуды жеңілдету және деформацияны болдырмау үшін пайдаланылады.

  • Мультипәндік команда

Баламен невролог, реабилитолог, педиатр, физиотерапевт, психотерапевт, психолог, логопедтер, дефектолог, сурдолог және басқа мамандардан құралған мультипәндік команда жұмыс істейді.

Біз ЖХС (тіршілік әрекеті мен денсаулықтың жұмыс істеуінің, шектелулерінің халықаралық сыныптамасы) негізінде командалық бағалау жүргізіп, тиімді оңалту маршрутын құрамыз.

  • Отбасына бағдарланған тәсіл – ата-аналарды оңалту процесіне тарту, РАС балалардың ата-аналарына арналған тренингтер өткізу және кеңестер беру.

 

Неліктен бізді таңдайтынын білгіңіз келе ме?

«Пациенттердің тәжірибесі» бөлімінен пациенттердің видеоларын көре аласыздар.

Кімдерге көмек көрсетеміз?

Орталық мынадай диагноздары бар балаларға көмек көрсетеді:

  • церебралды паралич
  • психо-сөйлеу дамуының кешеуілдеуі
  • аутизм және АСБ
  • қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары
  • перифериялық жүйке жүйесі аурулары
  • жүйке-бұлшықет аурулары
  • есту қабілетінің бұзылысы және кохлеарлық имплантациядан кейінгі кезең
  • инсульт салдары (барлық түрлері)
  • ми мен жұлын жарақаттарының салдары
  • психосоматикалық бұзылыстар (стресс, вегетативтік дисфункция синдромы, ұйқысыздық, терінің тартылуы, тұтығу, мазасыздық, энурез және т.б.)
  • омыртқа аурулары (остеохондроз, протрузия, диск жарықтары) және спорттық жарақат салдары

Сонымен қатар, эпилепсия және құрысу синдромы кезінде нейрофизиологиялық диагностика және кетогендік диета тағайындалады.

Ақылы қызметтер және модульдік оңалту

Более детально с предоставляемыми услугами Вы можете ознакомиться в разделах:

Ұсынылатын қызмет түрлері туралы толық мәліметті келесі бөлімдерден таба аласыздар:
•  Ақылы оңалту
•  Ақылы қызметтердің бағалары
Балалар мен ересектерге арналған модульдік оңалту. Амбулаториядағы және стационардағы пациенттерге арналған бірегей бағдарламалар
Модульдік оңалту бағалары.

Орталыққа саяхат

Орталықтың атмосферасын сезінгіңіз келе ме?

Сізді «Орталыққа саяхатқа» виртуалды турына шақырамыз: бұл жерде балалардың алғашқы қадамдарын жасайтын, дербестік дағдыларын меңгеретін әрі емшаралар арасындағы демалатын жерлерін өз көзіңізбен көре аласыз. Сабақ өтетін кабинеттер мен залдарды, пациенттерге арналған палаталарды және ойын аймақтарын аралай аласыз.

Бұл тур Орталықтың жағдайымен алдын ала танысып, балаңыздың сенімді ортада екеніне көз жеткізу үшін ұйымдастырылған.

Қалай жазылуға болады?

  1. Сайттағы форма арқылы (кері қоңырауға тапсырыс беру) немесе телефон арқылы Орталықпен байланысқа шығыңыз.
  2. Пациенттің құқықтары мен міндеттерімен танысып алыңыз.
  3. Қызмет алу нұсқасын таңдаңыз: амбулаториялық немесе стационарлық.
  4. Қажетті сұрақтарға жауап алу.

Байланыс деректері

Телефон: 87085036573

WhatsApp: 87007530309

 

Ерекше балаларға - ерекше қамқорлық!

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию