87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1979 жылғы 5 наурыз

2007 жылдан бері Қазақстан Республикасы Тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығының мүшесі

Олеся Сергеевна Устинович - корпоративтік басқару, медициналық және азаматтық құқық, ішкі аудит және стратегиялық бақылау салаларында 29 жылдық тәжірибесі бар тәуелсіз директор. Денсаулық сақтау, білім беру және өнеркәсіп салаларындағы ірі мемлекеттік және жекеменшік құрылымдарды басқару тәжірибесі бар.

Қазіргі уақытта мына лауазымдарды атқарып жүр:

  • «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы,
  • Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы,
  • «Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ РМК Бақылау кеңесінің төрағасы
  • Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының еншілес ұйымдарда корпоративтік басқаруды дамыту мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесші.

Бұған дейін «КазМедТех» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2018–2020), «Астана медицина университеті» КеАҚ Аппараты директоры және заң бөлімінің бастығы (2008–2022) лауазымдарын атқарған, сондай-ақ Назарбаев Университетінде заң кеңесшісі, машина жасау кәсіпорнында заңгер болып және прокуратурада жұмыс істеген.

Негізгі құзыретіне мыналар жатады:

  • стратегиялық жоспарлау және шешімдердің орындалуын қадағалау,
  • корпоративтік және медициналық құқық,
  • ішкі аудит, тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат,
  • транспаренттікті қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл,
  • корпоративтік нормативтік құжаттар мен стратегияларды әзірлеу.

Білімі:

  • Бакалавр, Новосибир мемлекеттік институтының Заң факультеті (2000),
  • Заң ғылымдарының магистрі, «Тұран-Астана» университетінің Заң факультеті (2019),
  • Тәуелсіз директор сертификаты (Ұлттық корпоративтік басқару академиясы, NACG), 2023 жыл.

Халықаралық және ұлттық бағдарламалар аясында біліктілігін арттырды:

  • Корпоративтік басқару бойынша халықаралық IFC (World Bank Group) бағдарламасы,
  • KIDA мен Самұрық-Қазынаның көшбасшылық жөніндегі, НЛБ, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бағдарламалары,
  • Университет автономиясы бойынша ERASMUS+ (Швеция, Лунд университеті) жобасына қатысқан.

Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесі туралы ережеде сипатталған.

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні, Директорлар кеңесінің қазіргі құрамы: 2023  жылғы 22 ақпандағы №112 бұйрық.

Марапаттары:

  • ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы,
  • ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы,
  • Астана Медицина университетінің Құрмет грамотасы.

Әлеуметтік және медицина саласындағы құқықтық мәселелер жөніндегі мақалалардың авторы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін, «Назарбаев Университетінің мәртебесі туралы» ҚР Заңы, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысқан.

 

 

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию