Қоғамдық талқылауға арналған біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының жобалары
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ойынтерапиясы»
Ойынтерапевтердің, мектепке дейінгі ұйымдардың, орта білім беру ұйымдарының, түзету мектептеріңің, оңалту орталықтарының, ПМПК педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы.
Балаларды игротерапиялау курсы маңызды, себебі ол ойын арқылы балаға өз эмоцияларын білдіруді, қоршаған ортамен әрекеттесуді және жаңа дағдыларды меңгеруді үйретеді.
Бұл курс мен үшін кәсіби дамудың жаңа кезеңі болды. Ойын арқылы баламен байланыс орнату, эмоциялармен жұмыс жасау, мінез-құлықты жұмсақ түрде түзету жолдарын үйрендім. Материал өте сапалы, кәсіби және жүйелі түрде берілген. Үлкен алғыс білдіремін!
Жалпы ойын терапиясы – баланың табиғи әрекеті болып табылатын ойын арқылы оның жан-жақты дамуына оң әсер ететін тиімді әдістердің бірі деп айтуға болады. Баланың эмоциясын, мінез-құлқын және психологиялық жағдайын түзетуге ойын терапевтерінің әдістері нақты көрсетілген.
Бағдарлама әр балаға жеке көзқарасқа негізделген. Жұмыс барысы кезең-кезеңімен жүйелі түрде ұйымдастырылады, баланың бастамасын қолдауға және оның қызығушылығын дамытуға бағытталады. Сонымен қатар, баланың даму динамикасы тұрақты түрде бақыланып, талданып отырады. Мамандар мен ата-аналар арасындағы тығыз ынтымақтастық қамтамасыз етіліп, баланың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастырылады.
Сұрақ-жауаптар