87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласындағы Медициналық-техникалық колледждің студенттері ұстазы Роза Сармановамен бірге өз бастамаларымен келіп, ауламызға гүл екті.

Бұл іс – тапсырма да, міндет те емес. Бұл – жүректен туған ниет. Олар тек гүл отырғызған жоқ – олар біздің балаларымызға жүрек жылуын, қамқорлықты және жан шуағын сыйлады.

Ыстық ауа райына қарамастан, уақыт бөліп, өз қолдарымен көркейтіп кетті.

Және бұл істі ешқандай марапат күтпестен, таза пейілмен, шын ықыласпен жасады.

Орталығымыздың атынан Роза Сармановаға және барлық студенттерге шын жүректен алғысымызды айтамыз! Сіздер тек гүл емес, үміт пен ізгіліктің дәнін септіңіздер.

Бүгін тікелей эфирде:
🧠 Амирова Ақмарал Тұрсынбаевна – жоғары санатты невролог, ақылы оңалту бөлімінің меңгерушісі
❤️ Исина Райгүл Балтакескеновна –орталықтың тәжірибелі психологы

Эфирде қозғалған тақырыптар:
🔹 Аутизм және оның түрлі көріністері
🔹 Баланың оңалту процесі – қалай өтеді?
🔹 Отбасының қолдауы – ең басты фактор
🔹 Сөйлеу кешігуі – тек жүйке жүйесімен байланысты емес.
Бәлкім бұл:
— 🧬 гипотиреоз,
— 💊 темір, D дәрумені жетіспеушілігі,
— 🧪 жалпы ағза жағдайымен байланысты.

‼️ Сондықтан әр балаға тұрақты тексеріс қажет!
Поликлиникаға барып, денсаулығын үнемі бақылауда ұстау керек.

Жақсы шайнай алмайтын, сөздік қоры өте шектеулі болған баланың анасының пікірі. Жүруі де қиынға соқты, қозғалысы шектеулі еді, дейді Ана.

Қазір баланың жағдайында айқын оң динамика байқалады: өзі тамақ сұрайды, жақсы шайнайды, жүреді, сөйлей бастады.

Бұл — мамандармен жүйелі жұмыс пен ата-ананың қолдауының нәтижесі.

Анасы Ұлттық балаларды оңалту орталығының барлық қызметкерлеріне алғыс білдіреді, әсіресе эрготерапевт Найзагараева Назира Серікқызына ерекше ризашылығын жеткізеді.

Отбасы — өмірдің бастауы, махаббат пен мейірімнің мекені.

Әрбір бала үшін отбасының жылуы мен қолдауы — қауіпсіздік пен бақыттың кепілі.

Осы айтулы күні әр шаңыраққа тыныштық, береке мен шаттық тілейміз.

✨Балаларымыз әрдайым аман болып, өмірлері күлкі мен қуанышқа толы болсын!

НАУҚАН! Тек мамыр айының соңына дейін!

8 электрофизиопроцедура алсаңыз —2 процедура СЫЙЛЫҚҚА!

🟠 Науқанға кіреді:
• 💤 Электроұйқы (электросон)
• ⚡ Электрофорез
• 💪 Электростимуляция
• 🔄 Амплипульс (СМТ) терапиясы

⏳ Науқан мамырдың соңына дейін жалғасады.
‼️ Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Қазір жазылыңыз!

📞 Байланыс: +7 708 503 65 73
📱 WhatsApp: +7 700 753 03 09
📍 Мекенжай: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 36

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию