87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

5 - қыркүйек күні Ұлттық балаларды оңалту орталығының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінен денсаулық сақтау басқармаларының бас штаттан тыс балаларды оңалту мамандарының қатысуымен онлайн семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің бас сарапшысы Айнұр Жұмағұлқызы Қабылова қатысты.

Семинар барысында мына мәселелер талқыланды:

  • 2025 жылдың бірінші жарты жылдығындағы балаларды оңалту қызметінің қорытындысы;
  • Балалар реабилитологтары кеңесінің мақсаты, міндеттері және жұмыс жоспары;
  • 2025 жылғы Халықаралық конференция Резолюциясының орындалу барысы;
  • «Орталық Азия медициналық реабилитология вестнигі» журналы мен «Оңалту» ассоциациясының қызметі;
  • Өңірлерге ұйымдастырушылық-әдістемелік сапарлардың нәтижелері.

ҰБОО Басқарма төрағасы Ажар Ғиният өз сөзінде бұл кездесудің еліміздегі балаларды оңалту қызметін дамытудағы маңызын атап өтті.

ҚР Мәжіліс депутаты Вера Александровна Кимнің бастамасымен «Шин-Лайн» қайырымдылық қоры орталығымыздағы ерекше балаларға қолдау көрсетті.

Компания «Ақжол» психоневрологиялық бөліміне 40 жаңа төсек-орын жабдығы мен балаларға арналған матрастарды сыйға тартты.

Іс-шараға компания басшылары арнайы келіп, балаларға қуаныш сыйлады.

Астанада «Бурабай» шипажайының 115 жылдығына арналған X мерейтойлық «Шипажай-2025» халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті. Форумға курортология және медициналық оңалту саласының мамандары, соның ішінде біздің орталықтың мамандары да қатысып, жаңа тәсілдер мен технологиялармен танысты.

ҰБОО төрағасы Ажар Ғинияттың жеке шақыруымен форум делегациясы орталығымызға арнайы келді. Ажар Ғиният қонақтарды қарсы алып, орталықтың жұмыс бағыттары, бірегей бағдарламалары мен балаларды оңалтудағы заманауи әдістері жайлы айтып, арнайы экскурсия жүргізді.

Астанада «Бурабай» шипажайының 115 жылдығына арналған «Шипажай-2025» X мерейтойлық Халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Германия, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан шипажай және медициналық оңалту саласының өкілдері жиналды.

Ұлттық балаларды оңалту орталығының өкілдері форумға қатысып, курортология, оңалту, климатотерапия, медициналық жабдық, арнайы тамақтану және IT-шешімдер саласындағы жаңа тәсілдер мен технологиялармен танысты.

 Форум аясында Ұлттық балаларды оңалту орталығының Басқарма төрағасы Ажар Ғиният құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға жемісті жұмыс және табысты ынтымақтастық тіледі.

2025 жылғы 31 шілдеде Ұлттық балаларды оңалту орталығында «Үміт әрдайым жанымызда» атты қысқаметражды анимациялық фильмнің жабық көрсетілімі өтті. Бұл - ерекше қажеттіліктері бар балаларға деген шынайы сүйіспеншілікпен жасалған ерекше жоба. Фильм Ұлттық киноны қолдау орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағалидің бастамасымен Орталыққа тарту етіліп, енді орталық қабырғасында ем алатын балаларға үміт пен арманның маңызын еске салып отыратын маңызды құралға айналмақ.

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию