«Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты халықаралық конференция
- Қаралды: 380

2025 жылдың 13 қазанында Астана қаласындағы Президенттік орталықта «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шарада Қазақстанның жетекші клиникаларының басшылары, сарапшылар, практик мамандар және халықаралық медициналық және туристік қауымдастық өкілдері бас қосты.
Конференция баяндамашыларының қатарында Ұлттық балаларды оңалту орталығының басқарушы директоры Сая Амангелдіқызы да сөз сөйлеп, «Балаларды оңалту қызметін ілгерілету. Ерекшелігі және қиындықтар» тақырыбында баяндама жасады.

Бүгін Ұлттық балаларды оңалту орталығында Ұстаздар күніне орай дәрігерлер мен мейіргерлер педагогтарға ерекше сый жасады – мерекелік концерт ұйымдастырды.
Орталық ұжымы үшін оңалту тек медициналық ем-шаралармен шектелмейді. Балалардың дамуына педагогикалық түзетудің қосатын үлесі орасан зор.
«Баланы жалпы мектепте оқыту – бір бөлек, ал біздің орталықтағы педагог болу – әлдеқайда күрделі әрі жауапты іс», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
ҰБОО-да позициялау мектебі құрылды
- Қаралды: 371

Позициялау – баланың өмір сапасына әсер ететін маңызды күтім бөлігі.
Балаға оңалту тек жаттығу залында ғана емес, күні бойы дұрыс дене қалпын сақтаудан басталады. Дұрыс позициялау баланың тынысына, қозғалысына, жайлылығына және аурудың асқынбауына тікелей әсер етеді.
Біздің орталықта жас мейіргерлерге арналған Позициялау мектебі құрылды.
Себебі позициялау – науқастың өмір сапасын арттыратын мейіргерлік көмектің ең маңызды бөлігі.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы өз құзыреті аясында даму бұзылыстары қаупі бар нәрестелерді қолдау мәселелерін мемлекеттік деңгейде қарау бастамасын көтерді.
26 қыркүйекте Бибігүл Нұрғалиқызы Алматы қаласынан келген оңалту клиникасының өкілдерімен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына келді.
Кездесу барысында балаларға ерте көмек көрсетуді ұйымдастыру тәсілдері және еліміздегі оңалту жүйесін жетілдіру мүмкіндіктері талқыланды.
ҰБОО Басқарма төрағасы Ажар Ғиният қонақтарға Орталықтың жұмыс жүйесін таныстырып, балаларда мүгедектіктің қалыптасу қаупін азайту үшін ерте оңалтуды дамыту бойынша тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөлісті.

7 қыркүйек – Ұлттық балаларды оңалту орталығының туған күні. Осы айтулы датаға және Халықаралық кинезотерапевттер күніне орай 4–5 қыркүйек күндері ұжымдық волейбол турнирі ұйымдастырылды.
Жарысқа Орталық қызметкерлерінен құралған 4 команда қатысып, бірінші күні жартылай финалға шығу үшін бақ сынады. Ал екінші күні тартысты ойындар өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Турнир спорттық бәсеке ғана емес, сонымен бірге ұжымның ұйымшылдығы мен кәсіби рухын көрсеткен маңызды шара болды.


