Ұлттық балаларды оңалту орталығының мамандары Париждегі халықаралық конференцияға қатысты
- Қаралды: 375

2025 жылғы 8–11 шілде аралығында Париж қаласында «Клиникалық тәжірибеден ғылыми зерттеулерге дейін: психомоторикадағы 50 жылдық даму және жаңа қоғамдық сын-қатерлер» тақырыбында XXXVII Жазғы мектеп өтті.
Ауқымды халықаралық шараға Ұлттық балаларды оңалту орталығынан:
- басқарушы директор С. Амангелдіқызы,
- стратегиялық даму және маркетинг бөлімінің басшысы М.Ж. Шакенов,
- оңалту бөлімінің меңгерушісі А.С. Құдайбергенов қатысты.
Қазақстандық делегация атынан құттықтау сөз сөйлеген - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М.Х. Ембергенова.
2025 жылғы шілде айының басында Ұлттық балаларды оңалту орталығына Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Балалар денсаулығы» Ұлттық медициналық зерттеу орталығының жүйке аурулары зертханасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, балалар неврологиясы саласындағы танымал маман Алексей Львович Куренков арнайы іссапармен келді.
Алексей Львович - УДЗ-навигациямен ботулинотерапия жүргізу бойынша үлкен тәжірибесі бар жоғары санатты дәрігер-невропатолог, педиатр. Орталық базасында өткен екі күндік мастер-класс аясында маман өз кәсіби білімімен және озық тәжірибесімен бөлісті.
Мастер-класс аясында:
- 11 балаға жеке консультациялық көмек көрсетілді
- 7 балаға ботулинотерапия (БТА) инъекциясы жасалды
- Орталық мамандары мен Алматы және Қызылорда қалаларындағы филиалдардан келген 14 дәрігеріміз оқытудан өтті.
ҰБОО-да медицина қызметкерлері күніне орай концерт пен марапаттау рәсімі өтті.
Медицина қызметкерлері күніне орай Ұлттық балаларды оңалту орталығында мерекелік концерт пен марапаттау рәсімі өтті. Шара барысында орталықтың үздік медицина мамандары кәсібилігі мен адал еңбегі үшін алғыс хаттармен және құрметті марапаттармен марапатталды.
Ұлттық балаларды оңалту орталығының дәрігері Жанна Медетбекова Президент қолынан мемлекеттік марапат алды
- Қаралды: 430

Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, функционалдық диагностика саласының майталманы Медетбекова Жанна Әкімбекқызы медицина қызметкерлері күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасына ие болды.
Аталған марапат - Ұлттық балаларды оңалту орталығының ұжымы үшін үлкен мәртебе, мыңдаған балаға үміт сыйлап келе жатқан кәсіби маманның ұзақ жылғы еңбегіне берілген әділ баға.
Дәстүрлі қытай медицинасы кабинеті ашылды!
- Қаралды: 502
Емдеу барысында 针灸 (иглотерапия) әдісі арқылы:
• Қан және лимфа айналымы жақсарады
• Қимыл-қозғалыс функциялары қалпына келеді
• Ауырсыну мен қабыну азаяды
• Ішкі тепе-теңдік сақталады
Келесі жағдайларда көмектесе аламыз:
• Сал ауруы
• Аутизм
• Сөйлеу және психикалық дамудың кешеуілдеуі
• Жарақаттан, инсульттен немесе нейроинфекциядан кейінгі қалпына келу кезеңі


