87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 қазан күні Астанада «Қазақстанның әрбір баласы үшін – үздік бастама» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шараға Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері, ЮНИСЕФ басшылары, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қатысты. Конференцияда 2025–2027 жылдарға арналған «Сәтті бастау» кешенді жоспары таныстырылып, қол қойылды.

Ұлттық балаларды оңалту орталығының қызметкерлері конференцияға қатысып, іс-шараны бақылап, балалардың дамуы мен ерте араласу саласындағы ақпаратпен танысты.

Конференция аясында балалардың құқықтары мен денсаулығын қорғау, мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру, отбасыларға кешенді қолдау көрсету мәселелері талқыланды. «Сәтті бастау» жоспары балалардың өмірінің алғашқы күнінен бастап қолдау көрсететін біртұтас жүйені қалыптастыруға бағытталған.

2025 жылғы 29–30 қазанда Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өткен United Medical Expo 2025 халықаралық көрмесіне Астана қаласының медициналық ұйымдары «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығының қолдауымен «Astana – Health Point of Central Asia» бірыңғай стенд аясында қатысты.

Көрме барысында Ұлттық балаларды оңалту орталығы өз қызметтері мен бағдарламаларын таныстырып, келушілерге кәсіби кеңестер берді.

Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, кәсіби адалдығы мен еңбегі үшін сала қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыстады.

Осы орайда «Шапағат» медалімен Шакенов Мейрам Жамбылұлы — жоғары санатты невролог, медицина ғылымдарының кандидаты, PhD, реабилитолог, «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ стратегиялық даму және маркетинг бөлімінің басшысы марапатталды.

Бұл жоғары марапат Мейрам Жамбылұлының көпжылдық жемісті еңбегінің, жоғары кәсіби шеберлігінің және Қазақстандағы балаларды оңалту мен денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесінің айғағы болып табылады.

лттық балаларды оңалту орталығының ұжымы Мейрам Жамбылұлын шын жүректен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, жаңа кәсіби табыстар мен шабыт тілейміз. Балалардың игілігі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлесіңіз — бәріміз үшін үлкен мақтаныш!

Республика күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шақыруымен Атырау облысының әртүрлі медициналық ұйымдарының қызметкерлері елордаға сапармен келді.

Қонақтарды «Ұлттық балаларды оңалту орталығының» ұжымы қарсы алып, орналастыру жұмыстарын ұйымдастырды. Орталық қызметкерлері делегацияны Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға және мерекелік түскі асқа алып барды.

Салтанатты жиыннан кейін орталықта экскурсия өткізілді. Қонақтарға оңалту үдерісінде қолданылатын заманауи тәсілдер мен инновациялық жобалар таныстырылды. Бұдан соң делегация мүшелері елорданың мәдени және тарихи нысандарына шағын танымдық экскурсияға шықты.

Бұл күн – еліміздің тәуелсіздік жолындағы маңызды белес, бірлігіміз бен ортақ құндылықтарымыздың мерекесі.

Осы айтулы күн аясында өз қызметінде сапалы әрі үлгілі еңбек етіп, денсаулық сақтау саласының дамуына зор үлес қосқан бірқатар әріптестеріміз мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды.

Марапат иелері қатарында:

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию