Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің II жыл сайынғы зерттеу конференциясына қатысты
- Қаралды: 140

2026 жылғы 10 сәуірде Ұлттық балаларды оңалту орталығы (ҰБОО) Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің II жыл сайынғы «Орталық Азиядағы инженерия және цифрлық ғылымдар саласындағы зерттеулердің болашағын түрлендіру» атты зерттеу конференциясына қатысты.
Конференцияның негізгі бағыттарының бірі оңалту тиімділігін арттырудың перспективалы құралы ретінде медициналық робототехниканы дамыту болды.
Ғылым күніне орай Орталығымыздың Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Денсаулыққа бірге. Ғылыммен бірге» атты іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – ғылыми білімді насихаттау және мамандардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
Кездесу барысында орталық мамандары мазмұнды әрі пайдалы ақпараттармен бөлісіп, медицина ғылымының дамуына үлес қосқан Қазақстанның алғашқы ғалымдары туралы танымдық мәліметтер ұсынылды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында орталықтың дәрігерлері, педагогтары, мейіргерлері және ФМР мамандары арасында қызықты интеллектуалдық ойын ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Ғылым мен тәжірибені ұштастыратын мұндай іс-шаралар кәсіби дамуға жаңа серпін береді.
Ұлттық балаларды оңалту орталығында Басқарма төрағасы Ажар Ғинияттың жетекшілігімен реабилитологтар кеңесі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің өкілдері, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының мамандары, сондай-ақ штаттан тыс бас реабилитологтар қатысты.
Кеңес барысында ерте араласу жүйесін дамыту және оңалту процесіне заманауи технологияларды енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.

6 сәуірде Ұлттық балаларды оңалту орталығы Тайланд Корольдігінің Елшілігі ұйымдастырған «Тайланд – Қазақстан» халықаралық нетворкинг-іс-шарасына қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы денсаулық сақтау, сауықтыру және медициналық қызмет көрсету саласындағы озық тәжірибе туралы болды. Іс-шара кәсіби білім алмасуға және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іздеуге арналған алаңға айналды.
ҰБОО атынан спикер ретінде Басқарушы директор Сая Амангелдіқызы сөз сөйлеп, Орталықтың жетістіктері мен ҰБОО-да сәтті қолданылып жүрген заманауи оңалту әдістемелерін таныстырды.

Өткен аптада Басқарма төрағасы Ажар Ғиният денсаулық сақтау саласындағы озық тәжірибені зерделеу, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу және медициналық көмекті ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін бағалау мақсатында Үндістан Республикасына ресми сапар жасады.
Сапар барысында халықаралық деңгейде танылған елдің жетекші көпсалалы медициналық ұйымдары – Artemis Hospital және Fortis Healthcare клиникаларының жұмысымен танысты.


