87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    2026 жылғы 23 маусымда Астана қаласындағы Ұлттық балаларды оңалту орталығында «Медицина мен қоғамның синергиясы: ерекше қажеттіліктері бар балаларды үздіксіз оңалту мен әлеуметтендіруге кешенді көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараны Ұлттық балаларды оңалту орталығы ұйымдастырып, Zoom платформасы арқылы Орталықтың филиалдары – «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» мен «ҰБОО» Қызылорда филиалы қатысты. Сондай-ақ дөңгелек үстелге «Мама Про» қоры және «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

    Медицина қызметкері күні қарсаңында Ұлттық балаларды оңалту орталығының қызметкерлері денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

    Сала мамандарының көпжылдық еңбегі мен кәсіби қызметі мемлекет деңгейінде жоғары бағаланды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту ісіне елеулі үлес қосып жүрген орталық қызметкерлері Ақордада және Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған салтанатты іс-шараларда марапаттарға ие болды.

    Астана қаласындағы Тұран даңғылы бойында, Сығанақ көшесі бағытына қарай жаңа «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» аялдамасы іске қосылды.

    Жаңа аялдама арқылы №26, 27, 40, 42, 50, 51, 53, 55А, 61, 66 және 67 қалалық автобус бағыттары қатынайды. Бұл Ұлттық балаларды оңалту орталығына келетін пациенттер мен олардың ата-аналарына, сондай-ақ орталық қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

    Орталыққа күн сайын жүздеген бала, олардың ата-аналары мен заңды өкілдері келеді. Сондықтан оңалту көмегінің қолжетімділігін арттыру және қауіпсіз көлік инфрақұрылымын дамыту ерекше маңызға ие.

    Осы орайда Ұлттық балаларды оңалту орталығы жаңа аялдаманың орнатылуына қолдау көрсеткені үшін Астана қаласы Нұра ауданы әкімдігіне шынайы алғысын білдіреді.

    Бұл бастама ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларының өмір сапасын жақсартуға, сондай-ақ медициналық оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

    Бакудегі халықаралық роуд-шоуда Ұлттық балаларды оңалту орталығы Қазақстанның медициналық оңалту саласындағы әлеуетін таныстырды

    Баку, Әзербайжан, 16–17 маусым

    Баку қаласында медициналық туризм мен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған халықаралық роуд-шоу өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – «Астана даму орталығы» ЖШС.

    2026 жылғы 5 маусымда Ұлттық балаларды оңалту орталығына Моңғолиядан 23 адамды құрайтын делегация келді. Сапарды денсаулық сақтау саласындағы сапа мен пациент қауіпсіздігін басқарудың озық тәжірибелерімен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында «Accreditation Center for Quality in Healthcare» (ACQH) қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

    Қонақтар үшін Орталықтың негізгі бөлімшелері бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді. Экскурсия барысында делегация мүшелері оңалту инфрақұрылымы нысандарын аралап, заманауи инновациялық жабдықтармен танысты.

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию