2 қазанда Ұлттық балаларды оңалту орталығында Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара өтті. Орталық басшылығы мен ұжымы ерекше балаларды тәрбиелеп, оларға білім беріп жүрген педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
Шара барысында ұстаздардың еңбегі ерекше атап өтіліп, олардың тек білім беріп қана қоймай, әр балаға махаббат пен мейірім сыйлайтыны, бойына сенім ұялатып, кішкентай жеңісіне ортақ болатыны айтылды.

2026 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласындағы «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ кеңейтілген практикада мейіргері Канкина Манзура Дәурешқызы балаларды оңалту саласындағы мамандардың кәсіби өзара іс-қимылын дамыту және практикалық тәжірибе алмасу мақсатында Ақтөбе қаласына келді.
Сапар барысында балаларға оңалту көмегін көрсететін медициналық ұйымдарға бару, мамандарға консультациялық көмек көрсету, кәсіби тәжірибе алмасу және оңалту процесін жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсету жоспарланған.
19 қыркүйекте Ұлттық балаларды оңалту орталығының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалпыұлттық сенбілікке қатысты.
Медициналық қауымдастық өкілдері бірлесіп, елорданы абаттандыруға және жайлы қалалық орта құруға атсалысты.
Тұран даңғылы бойында Керей, Жәнібек хандар көшесінен Орынбор көшесіне дейін 300-ге жуық ағаш отырғызылды.

Бүгін, 17 қыркүйек, Дүниежүзілік пациент қауіпсіздігі күні (World Patient Safety Day). Бұл — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне назар аударуға, сондай-ақ медициналық көмек көрсету барысында пациентке келтірілуі мүмкін әрі алдын алуға болатын залалды барынша азайтуға бағытталған жаһандық бастамасы. Дүниежүзілік пациент қауіпсіздігі күні 2019 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының шешімімен бекітіліп, содан бері жыл сайын 17 қыркүйекте аталып өтіледі. 2026 жылы ДДҰ науқаны «Жұқпалы емес аурулар кезінде қауіпсіз медициналық көмек көрсету» тақырыбымен және «Өмір бойы қауіпсіз медициналық көмек» ұранымен өтіп жатыр.
Ұлттық балаларды оңалту орталығының маманы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады
- Қаралды: 146
2026 жылғы 11 қыркүйекте Назарбаев Университетінде Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының 25 жылдығына арналған травматолог-ортопедтердің мерейтойлық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның мейіргерлік секторына арналған бөлімінде Ұлттық балаларды оңалту орталығының маманы Қуатханов Думан Бауыржанұлы «Мейіргерлік тәжірибеде роботтандырылған технологияларды пайдалана отырып, пациенттерді оңалтудың заманауи әдістері» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында пациенттерді оңалтудың заманауи тәсілдері, роботтандырылған технологияларды реабилитациялық үдеріске енгізу мүмкіндіктері және оңалтудың барлық кезеңдерінде пациентке сапалы әрі қауіпсіз күтім көрсетудегі мейіргердің рөлі қарастырылды.
Іс-шара барысында медициналық көмектің сапасын арттыру, заманауи технологияларды тәжірибеге енгізу және оңалту үдерісін жетілдіру мәселелері талқыланды. Конференция мамандар арасында тәжірибе алмасып, медицинадағы заманауи тәсілдерді талқылауға мүмкіндік берді.



