87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай, Ұлттық балаларды оңалту орталығында аутизм спектрі бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара қоғамда аутизм мәселесіне қатысты хабардарлықты арттыруды, толерантты көзқарасты дамытуды және ата-аналар мен балаларға нақты практикалық көмек көрсетуді негізгі мақсат етті.

Бағдарламаның салтанатты ашылуында ерекше қажеттіліктері бар балалардың қоғамда өзін қауіпсіз сезінуіне және қоршаған ортада қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Мен ерекшемін – түсіністікпен қараңыз!» белгішесі таныстырылды.

31 наурыз 2026 жылы Орталығымызда Назарбаев Университетімен бірлескен жоба аясында балалардың тамақтануын скринингтеу тәжірибесін зерделеуге арналған кездесу өтті. Іс-шараға PhD, қауымдастырылған профессор Paolo Colet қатысып, орталықтың мейіргерлерімен кәсіби пікір алмасты.

Кездесу барысында Орталықтың мейіргерлері алғашқы мейіргерлік тексеру кезінде қолданылып жүрген тамақтану скринингі тәжірибесін таныстырды. Өз кезегінде, профессорға бұл әдісті халықаралық деңгейде валидацияланған скринингтік сауалнамалармен салыстырып, жетілдіру және толықтыру ұсынылды.

Жоба аясындағы жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 2026 жылдың сәуір айында сауалнаманы әзірлеу және бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Мамыр айында жоба Жергілікті биоэтика комиссиясының қарауына ұсынылады.

Зерттеуге қатысатын негізгі топтар: 5–7 жас аралығындағы балалар, 7–12 жас аралығындағы балалар, сондай-ақ 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Ұлттық балаларды оңалту орталығында Наурыз мейрамына орай қызметкерлер арасында мерекелік спартакиада өтті.

Қатысушылар ұлттық спорт түрлері бойынша бақ сынасып, жоғары физикалық дайындықтарын, командалық бірлігін және шынайы спорттық жігерін көрсетті. Жарыстар жылы әрі достық атмосферада өтіп, орталық ұжымын одан әрі біріктіре түсті.

Мұндай іс-шаралар ұжымдық рухты нығайтып, командалық өзара іс-қимылды дамытып, жағымды жұмыс ортасын қалыптастыруға ықпал етеді. Спартакиада қызметкерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сергектік пен қуатқа толы, көктемнің жарқын әрі есте қаларлық сәтіне айналды.

Қасиетті Рамазан айында «Зекет және қайырымдылық» қоры Ұлттық балаларды оңалту орталығының қызметкерлеріне 310 ауызашар боксын табыстады.

Бұған дейін қор орталығымызда ем алып жатқан науқас балалардың ата-аналарына арналған 95 ауызашар себетін ұсынған болатын. Бұл игі бастама – қайырымдылық пен қолдаудың жарқын көрінісі.

Қасиетті айда жасалған әрбір жақсылық жүректерге жылу сыйлап, бірлік пен мейірімділікті арттыра берсін.

«Зекет және қайырымдылық» қорына көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Алла разы болсын!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық балаларды оңалту орталығының дәрігері Үмітжан Шайсұлтанқызы Әбдірахманова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл марапат – медицина саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін берілген жоғары ведомстволық награда.

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию